384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада әкесі құтқарып, аман қалған бала өте ауыр халде жатыр

  • 255
  • UPD: 17:52, 18.10.2019

Қызылордада баласын құтқармақ болған әкені автобус қағып өлтірді.  Оқиға Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысында болды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша 4 жасар бала жол үстіне белгіленбеген жерден жүгіріп шыққан. Артынша әкесі баласын құтқаруға ұмтылған кезде оларды қоғамдық көлік қағып кетті. Ер адам оқиға орнында қаза тапты, ал бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.   

Нұрбек Серіков, полиция департаментінің тергеу басқармасы анықтаушысы:

- Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында анықталып, сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімімен сотқа дейін тергеп тексеру жүргізілуде. Қалған мән-жайлар анықталады.

Балаға операция жасалған. Қазір ол реанимация бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр. Ал автобус жүргізушісіне ешқайда кетпеу туралы қолхат негізінде бұлтартпау шарасы қолданылған.

Хабар 24 телеарнасы