388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда автобус аударылып, 12 адам жараланды

  • 160
  • UPD: 20:53, 18.10.2019

Қарағандыда жолаушылар автобусы аударылды. Апат кезінде қоғамдық көлікте 30 жолаушы болған екен. Оның 12-сі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Біреуі бала. Апатқа жеңіл көлік жүргізушісі себеп болған. Ол екі жолдың қиылысында басты бағытта келе жатқан автобусты соққан. 

Ерік Шонбаев, Х.Мақажанов атындағы клиникасы  ахуалдық орталығының меңгерушісі: 

- Қазіргі уақытта алты адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. Қалған жарақаттанушылар тексерістен өтіп жатыр. Бір адам сүйек сынығымен травматологиялық орталыққа жатқызылды.

Хабар 24 телеарнасы