388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда көлік қаққан 40 жастағы жаяу жүргінші қаза тапты

  • 193
  • UPD: 17:00, 19.10.2019
Атырауда көлік қаққан 40 жастағы жаяу жүргінші қаза тапты riavrn.ru

Атырауда жаяу жүргіншілер өтпе жолында 40 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағда» Сәтпаев даңғылында болған. «Тойота» көлігінің жүргізушісі өтпе жолдан өтіп бара жатқан жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам алған жарақатынан облыстық ауруханада көз жұмды.

«Тойота» көлігінің 23 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

 

Хабар 24 телеарнасы