388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 2,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

  • 196
  • UPD: 17:36, 19.10.2019
Жамбыл облысында 2,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында есірткі дайындаушы қолға түсті. Полицейлер оны Меркі ауданындағы Тәтті ауылының тұсынан ұстаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

49 жастағы күдікті Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны болып шықты. Ол бұған дейін де істі болған екен. Жедел шара кезінде одан 12 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жалпы жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 666 дерек тіркелген.

Қанат Белгібаев, облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы:

- Заңсыз айналымнан 2,5 тонна әртүрлі есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 6 келіден астам героин, 141 келіден астамы гашиш есірткі заты тәркіленді. Есірткі заттары қылмыстық іс біткен соң жойылады.

Хабар 24 телеарнасы