411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да толассыз жауған қар салдарынан көліктер жолда қалды

  • 428
  • UPD: 22:50, 19.10.2019
ШҚО-да толассыз жауған қар салдарынан көліктер жолда қалды gismeteo.kz

Бүгін толассыз жауған қар салдарынан Өскемен – Алтай және Өскемен – Риддер бағытында бірнеше көлік жүре алмай, жолда тұрып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен, жергілікті жол тазалау қызметінің көмегімен 15 шақты арнайы техника жұмылдырылып, қар құрсауында қалған жолдар аршылып, жолаушылар сапарларын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, жүргізушілердің барлығы дерлік көліктерінің дөңгелектерін қысқы маусымға сай ауыстырмаған. Қазір аталған бағыттардағы жол қалыпқа келтіріліп, көктайғақтың алдын алу үшін құм себілді. Алайда, жүк көліктері мен жолаушылар автобустары қатынасына таңға дейін шектеу қойылды.

Айта кету керек, өңірде бірнеше күнен бері күн райы жауын-шашынды болып тұр. Ал бірнеше шалғай аудандарда жаңбыр соңы қарға ұласуда.

Хабар 24 телеарнасы