389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мас ер адам әйелін атып өлтірді

  • 158
  • UPD: 09:33, 21.10.2019
Елордада мас ер адам әйелін атып өлтірді

Қайғылы оқиға 20 қазан күні кешке тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«20 қазан күні сағат 22.19 шамасында полиция департаментінің жедел басқарма орталығына 55 жастағы елорда тұрғыны мен оның 5 жастағы баласына оқ тигені туралы мәлімет келіп түсті», – делінген хабарламада. Полиция анықтағанындай, отбасылық жанжал кезінде әлгі әйелдің 59 жастағы күйеуі мас күйде жарына оқ атып, оның екінші некеден туған ұлын жарақаттаған.

«Әйел алған жарақатынан көз жұмды. Ал бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қалалық уақытша оқшаулағышқа қамалды», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы