419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында екі адам иіс тиіп көз жұмды

  • 687
  • UPD: 12:14, 21.10.2019
Ақмола облысында екі адам иіс тиіп көз жұмды

Ақмола облысының Бұланды ауданында 22 жастағы келіншек пен 11 жастағы қыз бала иіс тиіп, қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға қазанның 19-ында кешкі сағат 18:09 шамасында Макинск қаласы Екінші станционный көшесінің қиылысындағы жеке тұрғын үйде болды.

«Аталған мекенжайға ТЖД жеке құрамынан 1 қызметкер және 1 техника, аудандық ПБ кезекші жедел тергеу тобының 4 қызметкері мен 2 техникасы барды. Оқиға орнынан 1997 жылғы О.В.Анохина мен 2008 жылғы А.С.Савельеваның денесі табылды. Анықталғандай, екеуі де пештен шыққан иіске уланып өлген», – деді ведомствоның баспасөз қызметі. Әзірге мәлімет бойынша, көз жұмған келіншек үйді жалдап тұрған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы