388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент ауруханасында медбикені зорлау ісі: дәрігер ақталды

  • 368
Шымкент ауруханасында медбикені зорлау ісі: дәрігер ақталды

Шымкентте жұмыс орнында медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Бұл туралы Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық сотының судья-кординаторы Сәбит Төреханов редакцияның ресми сайлауына жауап берді. Оның айтуынша, сот жабық режимде өткен. 

«Сот үкімімен айыпталушы «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша кінәсіз деп танылды. Оған тағылған айыптардың дәлелденбеуіне байланысты ол ақталды», – деді Сәбит Төреханов. 

Сондай-ақ оның айтуынша, айыпталушы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған. Тергеу барысында заттай деректер табылмаған және сот-медициналық сараптамасы мен бес куәгер зардап шеккен әйелдің сөздерін растамаған. «Осы істі жүргізген тергеушінің тарапынан көптеген заңбұзушылықтар кеткені және Шымкент қалалық ПД басшысының атына қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім шығарылды», – деді судья. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске сала кетейік, Шымкентте ауруханалардың бірінде нефролог дәрігер «өз әріптесін зорлады» деген күдікке ілінген еді. Зорлық көрген келіншек әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына арыз берген. Алайда көп ұзамай қылмыстық құрам мен дәлел жоқ деп іс жабылған. Бұл туралы «НеМолчи» қоғамдық қорының өкілдері хабарлаған еді. Сол түрткі болып, өткен айда іс қайта қарауға алынып, күдікті қамалды.

Хабар 24 телеарнасы