388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында үй өртеніп, әке мен бала көз жұмды

  • 172
  • UPD: 15:59, 21.10.2019
Алматы облысында үй өртеніп, әке мен бала көз жұмды

Алматы облысында жер үй өртеніп, әке мен бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай 5 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Жаңашар ауылдық округіне қарасты Алиит саяжайында болған. Ауруханаға жеткізілген әке мен бала алған күйіктерінің ауырлығынан 6 қазан күні жан тапсырды. «Отбасының баспанасы өртенген. Ер азамат баласы мен әйелін құтқармақ болып, қызыл жалынға күйген. 1989 жылғы ер адам ауруханада қайтыс болды. 2012 жылғы баласы да ауруханада көз жұмды», – деді Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев. Аталған ведомство оқыс оқиға өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан болуы мүмкін екенін айтады. Яғни, пештің мұржасы мен жанғыш заттардың арасындағы ара қашықтық сақталмаған.

Хабар 24 телеарнасы