389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі мейірбике зорлығы: жәбірленуші тарап сот үкімімен келіспейді

  • 257
  • UPD: 17:43, 21.10.2019

Шымкентте мейірбикені зорлады деп айыпталған нефролог-дәрігер сот залынан ақталып шықты. 37 жастағы ер адамды Әл-Фараби аудандық сотының судьясы кінәсіз деп тапты.

Судьяның сөзінше, сот-тергеу барысында сотталушының қылмыстық әрекеттері дәлелденбеген. Сот-биологиялық сараптама да келіншектің зорланбағанын анықтаған. Және сотқа шақыртылған төрт бірдей куәгер де айыпталушыны жақтап, куәлік еткен. Оның үстіне «тергеуші де сотталушының іс материалдарында өрескел заң бұзушылық жіберген» дейді судья. Айта кетейік, сот отырысы жабық есік жағдайында өтті. Алайда жәбірленуші тарап сот үкімімен мүлдем келіспейді. Осыған байланысты әділетсіз үкім шығарды деген келіншектің туыстары енді баспасөз мәслихатын өткізбекші.

Жәбірленушінің әкесі:

- Бірінші соттың өзінде айыпталушы мен айыптаушы жақтың екі адвокатын шақырып алып, бір миллион теңге әңгіме қозғаған. Кейін сыртқа шыққаннан кейін екі адвокат келіп маған Сіздер сондай миллион теңге сұрапсыздар ғой, соны берейік те істі тындырайық деген әңгіме айтты маған. Мен әрине қарсы шықтым.

Хабар 24 телеарнасы