424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда пәтерлерден жалғызбасты екі адамның мүрделері табылды

  • 562
  • UPD: 13:02, 22.10.2019
<span class=favorites>Павлодарда пәтерлерден жалғызбасты екі адамның мүрделері табылды</span> kbcity.kg

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Павлодарда есіктерін бірнеше күн бойы ашпаған азаматтарды пәтерлерінде өлі күйінде тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, кешегі күні сағат 09:25-те Ломов, 181/6 көп қабатты үйіндегі пәтерде тұратын ер азаматтың бірнеше күн бойы есіктерін ашпағаны мәлім болды.

– Оқиға орнына келіп жеткен төрт құтқарушы саты арқылы үйдің екінші қабатындағы балконға шығып, сол арқылы пәтерге енді. Үй-жайға кірген ТЖД қызметкерлері өлі адамның мүрдесін тапты, – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Дәл сол күні кешкісін сағат 17:11-де қаламыздың Бектұров, 21 мекенжайында орналасқан үйде ұқсас қайғылы жағдай болды. Үшінші қабатта тұрған егде жастағы көршілерінен бірнеше күн бойы хабар естімеген үйдің тұрғындары құтқарушыларды шақырған. Сілесірлік құрал-жабдық арқылы есікті ашқан департамент қызметкерлері пәтерден өлі адамның денесін тапты. Екі ер адамның мәйіттері полицейлерге тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы