425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

  • 393
  • UPD: 07:54, 24.10.2019
Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Павлодарда автоцистерна жарылды.

Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірі зардап шекті.

«23 қазан күні сағат 17:53-те Павлодардың «101» пультіне Транспортная көшесінде орналасқан бокстағы автоцистернаның жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру және апаттық-құтқару бөлімшелері келген кезде жарылыстың салдарынан шатырдың құлағаны, сонымен қатар 8 шаршы метр аумақта цистернаның өртеніп жатқаны анықталды», - деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Белгілі болғандай, құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтауға кіріскен. Үйінділердің арасынан зардап шеккен бір адамның және қаза тапқан ер адамның денесі шығарылып, жалын сағат 18:27-де сөндірілген. Қазіргі уақытта үйінділерді тазарту жұмысы жалғасуда. Оқиға салдарын жоюға жеке құрамнан 30 адам мен 7 техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы