376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық дәрігерлер 5 ине жұтып қойған сәбиді құтқарды

  • 366
  • UPD: 10:08, 24.10.2019
Қарағандылық дәрігерлер 5 ине жұтып қойған сәбиді құтқарды newtimes.kz

Қарағандыда бір жарым жастағы қыз ине терапиясы үшін қолданатын 5 инені жұтып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ата-анасы еденде шашылып жатқан инелерді көріп, баланың мазасыз күйіне назар аударған. Дәрігерлер шұғыл операция жасап үлгерген. Хирург дәрігерлер нәрестенің асқазанынан 3 және ішектен 2 ине алып шыққан. Операция сәтті жасалып, қазір бала үйіне шығарылды. Биыл экдоскопист мамандар кәмелетке толмаған балалардың түрлі заттарды жұтуына байланысты 50-ден астам операция жасағандарын мәлімдеді. Оның ішінде тиын, шеге, батарейка, түйреуіштер бар. Биыл дәрігерлер ине жұтқан 14 жастағы қызға және бір жарым жасар сәбиге операция жасаған.

 

Хабар 24 телеарнасы