384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында өртенген ғимараттан екі адамның мәйіті табылды

  • 190
  • UPD: 18:30, 24.10.2019
Қостанай облысында өртенген ғимараттан екі адамның мәйіті табылды

Қостанай облысында ескі ғимарат өртеніп, екі ер адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға бүгін таңғы сағат 03:20 шамасында Жітіқара қаласында болды. Алдын ала болжам бойынша бес қабатты ескі ғимарат ішінде қоқыс тұтанған.

«Өрт орнында екі ер адамның мүрдесі табылды. Олар туралы мәліметтер іздестіріліп жатыр. Өрт кезінде 1970 жылы туған ер адам құтқарылды. Оған «бас жарақаты және денесінің көгеруі диагноздары қойылды», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Хабар 24 телеарнасы