388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда пәтерде қамалып қалған әйел балконнан секірмек болған

  • 126
Петропавлда пәтерде қамалып қалған әйел балконнан секірмек болған Орен1

Петропавлда белгісіз әйел екінші қабаттан секіруге бекініп, абырой болғанда оқиға сәтті аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай Жамбыл Жабаев және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында болды. Пәтерде жалғыз қамалып қалған азаматша сыртқа шығу үшін балконға шығып, шу шығарған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері мен құтқарушылар әйелді автосатымен жерге түсірді.

Айта кету қажет, қазір онымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Өйткені дәл осындай жағдай бұған дейін де қайталанған екен.

Сайран Сағдиев, облыстық ПД патрульдік полиция ботальонының рота командирі:

– 102 телефонына әйелдің өзі хабарласты. Анықталғандай, әпкесі оны үйде жалғыз қалдырып, сыртынан құлыптап кеткен. Қазір азаматшаны наркологиялық орталыққа апарамыз. Өйткені ішімдік ішкен. Кейін әкімшілік хаттамама толтырамыз.

Хабар 24 телеарнасы