423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде трактор мен жеңіл көлік соқтығысты

  • 560
Өскеменде трактор мен жеңіл көлік соқтығысты Zakon.kz

Өскеменде трактор мен жеңіл көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол-көлік оқиғасы қаланың сол жағалауындағы Қаныш Сәтпаев даңғылында болды. Аулалардың бірінен шыққан арнайы техника басты бағытта келе жатқан «Лада» маркалы көлігіне жол бермеген. Осылайша жеңіл көліктің алдыңғы жағы қатты зақымдалды. Ал трактор соққы күшімен аударылып түскен. Көлік ішіндегілер дін аман.

Хабар 24 телеарнасы