384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен балалардың бірінің денесі табылды

  • 233
  • UPD: 14:29, 25.10.2019
Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен балалардың бірінің денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында кеше кешкісін жоғалған екі баланың бірінің денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанама ауылында тұратын 5 жасар Бексұлтан мен 2 жастағы Нұрислам Орынбасардың аулада ойнап жүргенін анасы сағат үштер шамасында көрген. Кейін көз жазып қалғанын аңғарып, әуелі өзі, кейін көршілері мен туыстары бірлесіп іздеуге шығады. Кешке қарай балалардың жоғалғаны туралы полицияға хабарланып, іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полицияның жылдам қимылдайтын арнайы жасағы мен кинологиялық қызмет мамандары да жұмылдырылды. Балаларды іздеуге сонымен қатар 200-ге тарта ерікті мен Ақжайық ауданының тұрғындары да атсалысып жатыр.

Асқар Қылышев, облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары:

– Орынбасар Бексұлтанның денесі табылды. Ол жоғарыда айтылған Қарасу өзенінен, жағадан 3 метр қашықтықта киімімен табылған. Екінші бала жөнінде іздеу жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы