385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасау туралы айып тағылды

  • 199
  • UPD: 11:46, 26.10.2019
Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасау туралы айып тағылды

Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ІІМ өкілдері азаматтарды қабылдау барысында Шығыс Қазақстан облысында тұратын «Т» және «Б» есімді азаматтардан шағым келіп түсті.

24 қазанда ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ШҚО жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің аталған тұлғаларға зорлық-зомбылық көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта ШҚО жемқорлыққа қарсы қызметінің 4 қызметкері ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлімі 1-тармақшасында көзделген қылмысты жасаушы күдікті деп танылған», - делінген ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті таратқан ақпаратта.

Азаматтарды қабылдау кезінде ІІМ өкілдері жемқорлықпен күресушілер тарапынан тергеу кезінде тыйым салынған әдістерді қолдану фактілері бірен-саран емес екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сонымен қатар оның Ақмола және Алматы облыстық аумақтық департаменттері қызметкерлерінің зорлық-зомбылық әрекеті бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы