422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері асулы күйінде табылды

  • 901
  • UPD: 15:55, 29.10.2019

Қайғылы жағдай 55/13 әскери бөлімінде болған. Ұлттық ұланның қатардағы жауынгер асулы күйінде табылды.

20 жастағы Батырхан Болат 2 айдан кейін үйіне қайтуы тиіс еді. Ақтөбелік жігіттің бұл қадамға неліктен барғаны әзірге бегісіз. Оны тергеушілер анықтайды. Қатарластарының айтуынша, ол әскерде өте белсенді болған. Түрлі шараларға қатысып, үнемі көпшіліктің алдында жүретін. Батырхан әскерге өткен жылдың желтоқсанында алынған. Қазір марқұмның денесі туған жері Хромтауға жіберілді. Жауынгер ертең жерленеді. 

Ниязтай Әлкешев, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары:

- Батырханның денесі туған ағасының көзінше қаралды. Ешқандай да соққының ізі анықталған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар қызметтік тексеріс болады. Марқұмның туған-туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы