423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда көлікте отырған адамға белгісіз біреу оқ атқан

  • 683
  • UPD: 11:06, 30.10.2019

Қарағандыда белгісіз біреу көлікте отырған қала тұрғынын травматикалық қарумен атқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Бұқар жырау мен Чкалов көшелерінің қиылысында күндіз болған. Көлік ішінде отырған адамға бағытталған оқ терезеге тиіп, жүргізуші отыратын жақтағы терезе шағылды. Бұзақының бұл әрекетін машинадағы адам ұялы телефонына түсіріп алған. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазба бойынша облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тексеріс жүргізуге кірісті. Жәбірленуші құқы қорғау органдарына арызданбапты.

Жанатай Сембеков, полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

– Бұзақылық бабымен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта бұзақыны анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Орталық алаңда жабайы қабан жүр

Оралдағы саябақтардың бірінде жабайы қабан жүр. Әлеуметтік желілерде жыртқышты қуып жүрген полицейлердің видеосы тарады. Оқиға түнгі 11-лер шамасында болған. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайды растады. Олардың айтуынша, тәртіп сақшыларына қабанды атуға, оларға қарсы қандай да бір қару қолдануға тыйым салынған. Сондықтан да полицейлердің жыртқыштарды қаладан жаяу қуып шығаруларына тура келген. Мұндай жағдай аймақта осыған дейін де бірнеше рет қайталаныпты. 5 маусымда Қазталов ауылына кіріп кеткен қабанды полицейлер қуып шықсқан. Ал, осыдан 2 апта бұрын Бәйтерек селосындағы балалар алаңында жүгіріп, халыққа қарсы айбат шеккен жыртқышты тәртіп сақшылары атып құлатқан.

2000 литр спирт тәркіленді

Павлодар қаласының тұрғыны жеке автотұрағына 2 мың литр спирт жасырған. Ол Павлодар қалалық полиция басқармасы инспекторларының кезекті рейді кезінде табылды. 26 жастағы ер адамның автотұрағынан тәркіленген сұйықтық 20 литр үлкен құтыларға және жарты литрлік шөлмектерге құйылған. Аталған дерекке қатысты сараптама тағайындалды. Хабаровск көшесі тұрғынының спиртті қандай мақсатта қолданбақшы болғаны және не үшін сақтағаны тексеріліп жатыр.

Жанна Біләлова, полиция департаментінің ресми өкілі:

–Аталған жағдайға байланысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 282-бабы бойынша іс тіркелді. 26 жастағы Павлодар қаласының тұрғынында спиртті, алкогольдік заттарды сатуға, таратуға және оны сақтауға берілген лицензиясы болмай шықты.

Хабар 24 телеарнасы