426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі атысқа байланысты тергеу жүргізіліп жатыр

  • 783
  • UPD: 18:40, 30.10.2019

Шымкентте дәмханалардың бірінде атыс болып, бір адам қаза тапты. Түрлі деңгейде жарақат алған бес адам қалалық ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер оқиға орнынан қылмыс құралдарын тәркіледі. Қазір сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің жеке тұлғалары анықталып, оларды қолға түсіру операциясы басталды. Қылмыстық іс Прокуратура мен Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауына алынды. 

Ералы Жұмаханбетов, қалалық полиция департаментінің бастығы:

- Біз күдіктіні анықтадық. Яғни кім атқанын білеміз. Атыстың себебін анықтап жатырмыз. Тергеу тексеру жұмыстарына байланысты кейбір мәліметтерді ашық айта алмаймын. Ия, бір адамның қайтыс болғаны рас. Жарақат алған 5 адам ауруханада ем алуда.

Хабар 24 телеарнасы