375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жол апатынан жасөспірім қаза тапты

  • 230
  • UPD: 18:22, 30.10.2019
Қарағандыда жол апатынан жасөспірім қаза тапты

Қарағандыда қос көліктің соқтығысуы салдарынан бір жасөспірм қаза тапты. Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 30 қазан сағат 12:00 шамасында Қарағанды қаласының 15-магистраль және Методическая көшелерінің қиылысында «Газель» автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі 15-магистраль бойымен солға қарай Методическая көшесіне бұрылу кезінде 21 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ» автокөлігіне жол бермеген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігіндегі 17 жасар жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Сондай-ақ «ВАЗ» автокөлігінің төрт жолаушысы мен жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. «Газель» және «ВАЗ» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан 2002 жылы туған жігіт көз жұмды. Апат салдарынан 4 адам бас сүйек-ми зақымдану диагнозымен Х.Ж. Мақажанов атындағы көп салалы клиникаға жатқызылды. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы