384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 83 жастағы зейнеткер терезеден секіріп кетті

  • 215
Ақтөбеде 83 жастағы зейнеткер терезеден секіріп кетті

Ақтөбеде 83 жастағы әжей 4-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Әбілхайыр даңғылы бойындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. Мәйітті таңертең сол маңнан өтіп бара жатқандар көріп, полиция департаментіне хабарлаған. Кейін белгілі болғандай, зейнеткер өз үйінің терезесінен секірген екен. Қазір аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қарияның секіруіне не себеп болғаны да анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы