384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядан оралған әйелдерге терроризм бабы бойынша айып тағылды

  • 242
  • UPD: 16:15, 04.11.2019

Қазақстанда тыйым салынған Ирак және Левант лаңкестік ұйымының құрамында болған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Бүгін елордада Данабек Төрехановтың ісі қаралды. Жерлесіміз 2012 жылы Сирияға аттанып, террорлық ұйымның қатарына қосылған. Кейін өз еркімен күрд жасағына тұтқынға берілген. Оны Қазақстанға қайтару операциясы да осы тұста өтті. Айыпталушы туысқандарын көшіріп алуға талпынғанын айтады. Бірақ күш құрылымдары оған жол бермеген. Айта кетейік, сот отырысында бұдан бөлек 13 адамның ісі қаралып жатыр. Ең үлкені 50-де, ал ең жасы 22-ден асқан. Олар Сириядағы соғысқа қатысу үшін елден аттанып еді. Бірер ай бұрын «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылды.

Хабар 24 телеарнасы