384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да сирек жәндікті аулаған браконьерлер ұсталды

  • 182
  • UPD: 16:18, 04.11.2019

Солтүстік Қазақстан облысында Артемия салина жәндігін заңсыз аулағандар ұсталды. Полицейлер күдіктілерді оқиға орнында қолға түсірген.

Олардан жалпы салмағы 5 жарым тонна болатын су жәндігі тәркіленді. Қазір мемлекетке келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Айта кетейік, өңірде 5 және 31 қазан аралығында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтті. Нәтижесінде барлығы 18 қылмыстық іс қозғалды.  

Сергей Липко, облыстық ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау тобының аға инспекторы:

- Артемия салина жәндігін аулап жатқандарды Тайынша және Жамбыл аудандарында қолға түсірдік. Күдіктілердің құжаттарын тексеру барысында еш рұқсаттары болмады. Қазір аталған фактіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы