384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда көлігімен бала қаққан қазақстандыққа қатысты тергеу аяқталды

  • 240
  • UPD: 16:52, 04.11.2019
Оңтүстік Кореяда көлігімен бала қаққан қазақстандыққа қатысты тергеу аяқталды inform.kz

Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы көлігімен қағып кеткен Қазақстан азаматына қатысты алғашқы сот отырысы қараша айының ортасында өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Оның ісі бойынша тергеу амалдары аяқталды. Іс сотқа жетті. Алғашқы отырыс қараша айының ортасына жоспарланып отыр. Ертең айыпталушы қазақстандық азамат өзі жалдаған жеке адвокатымен кездеседі», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте.

Айбек Смадияровтың айтуынша, көлік қағып кеткен баланың жағдайы жақсы.

«Бала есін жиған. Өзі жүріп жүр. Аяқ-қолы сау. Тек басына кішкене зақым келген. Соны емдеп жатыр», - деді ол.

Еске сала кетсек, 16 қазан күні қазақстандық азамат Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы көлігімен қағып, елден кетіп қалған. Ол бұл мемлекетте бір жылдам астам уақыт бойы заңсыз тұрып келген еді. Бүгінгі таңда ол Чанвон қаласындағы тергеу изоляторында жатыр.

Сондай-ақ Оңтүстік Кореяда көлігімен бала қаққан қазақстандыққа бірнеше айып тағылған болатын.

Айта кетсек, баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға оралған болатын.

Осыған дейін Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақстандыққа қандай жаза тағайындалуы мүмкін екені айтылған еді.

Сондай-ақ Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты жаңа мәліметтер жарияланды.

Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда бала қаққан Қазақстан азаматы корей тарапы ұсынған мемлекеттік қорғаушының орнына жекеменшік адвокатты жалдайтыны туралы айтылған еді.

Хабар 24 телеарнасы