388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да өрт орнынан 95 жастағы кейуананың мүрдесі табылды

  • 133
  • UPD: 12:49, 05.11.2019
БҚО-да өрт орнынан 95 жастағы кейуананың мүрдесі табылды

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт орнынан 95 жастағы кейуананың мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 5 қараша күні Бәйтерек ауданы Дариян ауылында болған. Сағат 05.45-те тұрғын үйдің өртенгені жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жиһаздар мен жеке заттардың (аумағы – 25 шаршы метр) жанып жатқанын анықтады. Өрт орнынан 1924 жылғы тұрғынның денесі табылды. Оған қоса екі адам газбен орта дәрежеде уланған. Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталып жатыр.

Тілсіз жау 06.11-де оқшауланып, 06.40-та ауыздықталды. Өртті сөндіруге 4 адам, 1 техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы