388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қоғамдық көлік өртенді

  • 92
  • UPD: 12:34, 07.11.2019
Павлодарда қоғамдық көлік өртенді

Оқыс жағдай сағат 17.31-де Диспетчерская автобус аялдамасының жанында болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«№ 2 бағыттағы қалалық жолаушылар көлігінің мотор бөлігінде 0,5 қума метр электр сымдары тұтанған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші жалынды ұнтақты өрт сөндіргішпен өшіріп үлгерген. Ішінде болған ересек 7 адам өз беттерімен сыртқа шыққан», – дейді ТЖД. Автобустың тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы