Өскеменде дүкеннен шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өскемен қалалық ТЖБ сілтеме жасап.
7 қараша күні сағат 9:21-де өрт сөндіру қызметіне қала дүкендерінің бірі жанып жатқаны туралы хабарланды. Дабыл келіп түскен уақыттан 5 минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына барып, жалынды ауыздықтауға кірісті.
Тілсіз жау 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Дүкен қызметкерлері мен тұрғындар ғимараттан дер кезінде шығып үлгерген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Мамандар бір сағаттың ішінде жалынды сөндірді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.