388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жасөспірімнің өлімінен кейін бапкер қызметінен шеттетілді

  • 106
  • UPD: 22:26, 07.11.2019
Алматыда жасөспірімнің өлімінен кейін бапкер қызметінен шеттетілді newtimes.kz

Алматыда жаттығу кезінде оқушы қайтыс болу дерегіне байланысты тергеу шаралары аяқталғанша бапкер қызметінен шеттеледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Бұл туралы Қазақ спорт және туризм академиясының бірінші проректоры Мұхтар Есқалиев айтты. Қайғылы оқиға осы академия қабырғасында болған. Есқалиевтің айтуынша, қайтыс болған бала қазанның ортасынан бастап осында баскетболмен айналысқан. Оның бұрындары басқа секцияларға барған-бармағаны белгісіз. 

«Жаттығу өткізу залын жеке кәсіпкер жалға алды, бірақ жаттықтырушы біздікі болатын. Ол өте тәжірибелі, тәжірибесі 10 жылдан асқан, спорт ғылымы бойынша PhD докторы. Жаттығу ең қарапайым, жеңіл болды. Баланың жағдайы кенеттен нашарлағанда, олар үш адамнан бөлініп ойнап жатқан. Ол шетке қарай шығып, құлаған. Оған дереу алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған», – деді Мұхтар Есқалиев.

Сондай-ақ Қазақ спорт және туризм академиясының проректоры жаттығуларға балаларды медициналық анықтамасыз жібермейтінін атап өтті.

«Академия қаза тапқан баланың туған-туыстарына көңіл айтады», – деді проректор.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдемге сегіз минутта келгенін айтты.

«Шақыру жедел жәрдем қызметіне шұғылдықтың бірінші санаты бойынша келіп түсті, дереу бригада жіберілді. Бала медициналық қызметкерлер келгенге дейін қайтыс болды», – деп қосты басқарма өкілі.

Еске салайық, Алматыда жаттығу кезінде өз құрдастарының көз алдында жасөспірім қайтыс болған. 

Хабар 24 телеарнасы