388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетау университетінде өрт шығып, 2500 адам эвакуацияланды

  • 103
  • UPD: 12:20, 08.11.2019
Көкшетау университетінде өрт шығып, 2500 адам эвакуацияланды kokshetau.asia

Көкшетау университетінде өрт шығып, 2,5 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Түтіннің пайда болуынан студенттер дүрбелең туғызып, ғимарат ішінен жаппай сыртқа жүгіре бастаған. Ал зардап шеккендер бар ма?

Көкшетау университетінде өрт шығып, 2,5 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жау жоғары оқу орнының басты ғимаратындағы желдеткіш шахтасында шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше, университет жұмысшылары өз күшімен 2 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды сөндіріп үлгерді. Куәгерлердің айтуынша, түтіннің пайда болуынан студенттер дүрбелең туғызып, ғимарат ішінен жаппай сыртқа жүгіре бастаған. Дегенмен, ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнына 13 арнайы техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы