388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да синтетикалық препарат шығаратын зертхана әшкереленді

  • 91
  • UPD: 12:32, 08.11.2019
СҚО-да синтетикалық препарат шығаратын зертхана әшкереленді tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстанда қала маңындағы елді мекенде «спайс» деп аталатын синтетикалық препарат шығаратын және сатуға дайындайтын зертхана анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есірткі өндірісін жергілікті тұрғын өз үйінде ұйымдастырған. Ол улы заттың концентратын сатып алып, шөптермен араластырып дайындаған.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде «спайсты» өндіруге арналған компоненттер, полимерлі бес литрлік бөтелкелер және синтетикалық каннабиноид табылды. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды.

Хабар 24 телеарнасы