388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Іле Алатауы паркін балалар өртеп жібере жаздады

  • 92
  • UPD: 14:06, 08.11.2019
Алматыда Іле Алатауы паркін балалар өртеп жібере жаздады

Жасөспірімдер Іле Алатауы ұлттық паркінің Түрген бөлімшесінде даланы өртемек болған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Іле Алатауы мемлекеттік мекемесі Түрген бөлімшесінің хабарлауынша, 27 қазанда Есік орман шаруашылығында 2 жерден өрт шыққан. Өрт 1,5 га аумақты шарпыды. Орманда біреулер қасақана от қойғаны анықталды», – делінген ұлттық парктің Facebook-тегі парақшасында. Түрген бөлімшесінің мемлекеттік инспекторы Е.Қыдыров оқиға орнында болған 5 адамды ұстады.

«Ұсталғандар Есік қаласының кәмелетке толмаған жасөспірім тұрғындары болып шықты. Кейін күдіктілердің ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне шақыртылды. Ата-аналар түсініктеме жазып, балаларының тауда от жаққанын растады», – деді ұлттық парк өкілдері. 

Хабар 24 телеарнасы