384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жер үй өртеніп, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді

  • 170
  • UPD: 15:23, 08.11.2019
Семейде жер үй өртеніп, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Семейде көп пәтерлі жер үй өртеніп, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын таңсәріде тұтанған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде екі баспананың төбесі отқа ораныпты. Алаулаған от бет қаратпаған соң қосымша күш шақырылған. Барлығы тілсіз жаумен 6 техника және 24 құтқарушы 3 сағат бойы айқасып өшірді. 27 литр болатын газ баллоны сыртқа шығарылған. Жалпы аумағы 330 шаршы метр аумақ отқа оранды. Абырой болғанда адамдар аман, шығын көлемі есептеліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы