Қарағанды облысындағы Саран шахтасында кенші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 6 қарашада болды. Аталмыш кен орны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қарасты. Компания басшылығы оқиға болған бетте дереу тиісті мемлекеттік органдар мен кәсіподақ ұйымын хабардар еткенін мәлімдеді.
«Кеншінің қаза тапқаны жайлы жақындарына шахта әкімшілігі мен кәсіподақ өкілдері естіртті. Кәсіпорын жұмысы тоқтатылды», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі. Жазатайым оқиғаны тексеру мақсатында мемлекеттік комиссия құрылды.