388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда тоқ соққан ер адамның мәйіті табылды

  • 117
  • UPD: 16:51, 08.11.2019
Павлодарда тоқ соққан ер адамның мәйіті табылды

Павлодарда денесі табылған ер адам шамамен 30-35 жаста, деп жазды ҚазАқпарат.

«5 қараша күні, сағат 16.40-та трансформаторлық қосалқы стансаның жанындағы ЖШС-ға баратын автожолдың маңынан 30-35 жастағы сырт келбеті еуропалыққа ұқсайтын ер адамның мәйіті табылды», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Марқұмның кім екені анықталып жатыр. «Болжам бойынша өлім электр тоғы соғу салдарынан болған. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды», – деді ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы