387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұрттың сыртынан онлайн несие рәсімдеу арқылы 500 мың теңге иемденген алаяқ ұсталды

  • 136
  • UPD: 19:30, 08.11.2019
Жұрттың сыртынан онлайн несие рәсімдеу арқылы 500 мың теңге иемденген алаяқ ұсталды

Таразда ғаламтор арқылы алаяқтық жасаған 28 жастағы тұрғын ұсталды. Ол онлайн-несие рәсімдеу арқылы 500 мың теңгеден астам қаражатты шешіп алған.

Алаяқтың бұл әрекетінен 10 адамның жапа шеккені белгілі болды. Уақытша ұстау абақтысына қамалған күдікті бар кінәсін мойындап отыр. Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жыл басынан бері Жамбыл облысында осыған ұқсас 70-тен астам дерек тіркелген. 

Талғат Көшкінбеков, полиция департаментінің бөлім басшысы:

- Соның 41-і ашылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылды. Ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерінің алдын алу мақсатында арнайы іс-шаралар жүргізілуде. Тұрғындарға сақ болу керектігін ескертеміз.

Хабар 24 телеарнасы