389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 9-қабаттағы балконның төбесіне шығып кеткен қыз құтқарылды

  • 88
  • UPD: 22:42, 08.11.2019

Қарағандылық тәртіп сақшылары өз-өзіне қол салмақ болған 24 жастағы қызды құтқарып қалды.

Қала тұрғынының бірі 102 номеріне қоңырау шалып, Сатыбалдин көшесіндегі үйдің шатырынан әлдекімнің секіргелі жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері қызды сөзге тартып, аман алып қалады. 9-қабаттағы балконның төбесінде отырған қызды құтқару үшін тәртіп сақшысы өз өмірін қауіпке тігіп, қасына барған. Зарина есімді қыз бұл қадамға үйінде болған жанжалдан соң барғанын айтады. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. 

Ерасыл Мұрат, патрульдік полиция полкінің инспекторы: 

- Тайғақ шатырда қардың үстінде отыр екен. Назарын аулап, әңгімеге тартпақшы болдым. Сол арада менің әріптесім болконның шатырына түсіп, жаңағы қызды құтқарып алдық.

Хабар 24 телеарнасы