389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 200-ден астам браконьерлік және ағаш кесу дерегі тіркелді

  • 82
  • UPD: 23:01, 08.11.2019

Қызылорда облысында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 214 экологиялық заң бұзушылық анықталды. Арнайы мобильдік топ ағашты заңсыз кесу, аң және балық аулау ережелерін елемеу және қаруға қатысты заң бұзу деректерін әшкереледі. 

Жан-жануарға оқ атқандардың бірі Қармақшы ауданында ұсталды. Түн жорытып, қасқалдақ, үйрек атқандарды қолға түсіру барысында 20 құстың өлімтігі мен 1 аңшы мылтығы айғақ зат ретінде алынды.  

Шамшидин Әмитов, ПД бастығының бірінші орынбасары: 

- Аталған мерзімде 9 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. 7 автокөлік тәркіленіп, айып алаңдарына жеткізілді. Полиция департаменті бұл бағыттағы  жұмыстарын жалғастыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы