389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзенде кәріз жүйесін жөндемек болған 2 адам қаза тапты

  • 129
  • UPD: 23:48, 08.11.2019

Жаңаөзен қаласында кәріз жүйесін жөндеуге барған 2 жұмысшы қайтыс болды. Олар «Самал» шағын ауданындағы үйдің жертөлесіне түскен кезде тоқ соққан.

Марқұмдар жергілікті «Коммуналдық қызметтер» кәсіпорынының жұмысшылары. Жедел және шұғыл медициналық станциясына кешкі 5-ке таяу шақырту түскен екен. Оқиға орнына жедел жеткен фельдшерлер олардың тек өлімін тіркеген. Оқиға орнына қала әкімі Мақсат Ибағаров болып марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Хабар 24 телеарнасы