Шымкентте құрылыс алаңында үш техниканы топырақ басып қалып, екі жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға кеше түнде сағат 21.15-те Нұрсәт мөлтекауданында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тоғыз қабатты үйге 25 метрлік тереңдікте шұңқыр қазу кезінде қабырғасы құлап кеткен. Салдарынан шұңқырды қазып, тегістеп жатқан үш техника (1 жүк тиегіш, 1 кран және 1 жол тегістейтін каток) жүргізушілерімен бірге үйіндінің астында қалған. Құтқару жұмыстарына ТЖД (40 қызметкер, 11 техника), жергілікті атқарушы орган (10 жұмысшы, 2 техника), ПД (15 қызметкер, 2 техника), «ЮгСтройСервис-Н» ЖШС (35 жұмысшы, 2 техника), «103»қызметі (4 қызметкер, 2 техника) жұмылдырылды. Құтқарушылар бір техниканы шығарып, оның жүргізушісі аман қалды.