384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде мектеп оқушысын көлік қағып, мерт болды

  • 173
  • UPD: 22:44, 09.11.2019
Ақтөбеде мектеп оқушысын көлік қағып, мерт болды rus.err.ee

Ақтөбеде 10 жастағы оқушыны көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шамамен жергілікті сағат 15:30-да «Опель вектра» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті. Жол - көлік оқиғасы кезінде 10 жастағы бала сол жерде көз жұмды», - деді Ақтөбе облыстық полиция дептаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы