384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың сол жағалауында үйлер жарықсыз қалды

  • 235
  • UPD: 12:35, 10.11.2019
Елорданың сол жағалауында үйлер жарықсыз қалды

Елордадағы «Левобережная» 110/10 кВ шағын станциясының 10 кВ кабель каналында өрт шығып, кабель линиясы зақымданды. Салдарынан сол жағалаудағы тұрғын үйлер жарықсыз отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат «Астана АРЭК» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

«10 қазан күні түнгі сағат 02:04-те аталған станциядан қосылған нысандардың электрмен жабдықтау линиялары апат салдарынан ағытыла бастады. Осы кабель линияларына қосылған тұтынушылар өрт сөндіру бригадаларының электр тоғы соғуын болдырмас үшін электр тоғынан ажыратылды. Апат салдарын жою бригадалары құрамында 15 адам және 6 арнайы техника, қажетті жабдықтарымен шұғыл түрде жұмысқа кірісті. 5 жедел бригада нысандарды қайта қосумен айналысуда. Қолда бар барлық мобильді-дизельді генераторлар іске қосылды. Кабель желілерін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда» делінген компания таратқан хабарламада.

Компанияның баспасөз қызметі нақты қай үйлерде жарық жоқ екені анықталып жатқанын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы