384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда екі адамның ажалы көліктен болды

  • 180
  • UPD: 15:25, 10.11.2019
Алматыда екі адамның ажалы көліктен болды

Алматыда Райымбек даңғылының бойында автомобиль екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жаяу жүргіншілерді қағып кету оқиғасы «Саудакент» сауда орталығының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota маркалы көлік шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Осы кезде рұқсат етілмеген тұста екі ер адам жүгіріп шыққан. Жүргізуші әрекет етіп үлгірмеген болуы керек, ол екеуін де қағып кетті.  Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1975 және 1976 жылғы екі ер адам қаза тапты. Оларды қағып кеткен автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Қазір полиция жүргізушіні іздестіріп жатыр.

tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы