376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында мұз астына түсіп кеткен екі бала үсіктен қайтыс болды

  • 459
Қостанай облысында мұз астына түсіп кеткен екі бала үсіктен қайтыс болды

Қостанай облысы Жетіқара ауданында мұз астына түсіп кеткен 2 бала үсіктен қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға бүгін түс ауа болған. Әлі дұрыс қатпаған мұздың үстіне ойнауға барған 3 бала суға батып кеткен. Полиция қызметкерлері балаларды 2 метр тереңдіктен алып шығып, жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда дәрігерлер қатты суық өткен 2 баланы құтқара алмады. Үшінші жасөспірім ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы орташа. Балаларды құтқармақ болған 65 жастағы тұрғын да ауруханаға жеткізілген.

Хабар 24 телеарнасы