384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жітіқара қаласында мұз астына түсіп кеткен екі бала көз жұмды

  • 415
  • UPD: 09:11, 11.11.2019
Жітіқара қаласында мұз астына түсіп кеткен екі бала көз жұмды inform.kz

Қостанай облысының Жітіқара қаласында екі кішкентай бала мұз астына түсіп кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше болған. Полицейлер жасанды су қоймасынан үш баланы алып шықты. Олар мұз үстінде ойнап жүргенде жұқа мұз ойылып, жеткіншектер абайсызда суға түсіп кеткен. Көл жанында балалар ойнайтын алаң бар.

«Куәгер әйелдің айтуынша, балалар қатты қорқып, байбалам салған. Сол кезде бір ер адам жүгіріп келіп, суға секіріп, балаларды құтқармақ болды. Ол уақытта куәгерлер полиция мен жедел жәрдемді шақырып үлгерген болатын. Полицейлер суға түсіп кеткен балалардың барлығын алып шығып, дәрігерлерге тапсырды. Көлдің тереңдігі – 2 метр» делінген хабарламада.

Алайда, аудандық ауруханаға жеткізілгеннен кейін 2014 және 2013 жылы туған екі бала суық тиіп қаза тапты. 2011 жылы туған бала дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы орташа ауыр. Сондай-ақ балаларды құтқаруға күш салған 1954 жылы туған азамат та ауруханада жатыр.

Хабар 24 телеарнасы