384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер мұз астына түсіп кеткен баланың жағдайын айтты

  • 181
  • UPD: 11:29, 11.11.2019
Дәрігерлер мұз астына түсіп кеткен баланың жағдайын айтты

Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында мұз астына түсіп кеткен баланың денсаулығы бірқалыпты.

Бұл туралы облыстық аурухананың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге ауыстырылды.

«2011 жылы туған баланың денесіне суық өткен. Пневмония диагнозы қойылды. Өміріне қауіп төндіретін ештеңе жоқ», - деп атап өтті аурухананың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, қайғылы оқиға кеше болған. Полицейлер жасанды су қоймасынан үш баланы алып шықты. Олар мұз үстінде ойнап жүргенде жұқа мұз ойылып, жеткіншектер абайсызда суға түсіп кеткен. Ал мұз астына түсіп кеткен тағы екі бала көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы