384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды

  • 331
  • UPD: 11:56, 11.11.2019
Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды kaz.tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды.

Ақпаратты елордалық травматология және ортопедиялық ҒЗИ өкілдері растады, деп хабарлады Tengrinews.kz. 

«Денесін 75 пайыз күйік шалған науқас 2019 жылы 10 қарашада 1:35-те қайтыс болды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қалалық ПД мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалған. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Полиция мәліметінше, 43 жастағы ер адам әйелінің үстіне бензин төгіп, өртеп жіберген.

Хабар 24 телеарнасы