386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды

  • 182
  • UPD: 12:13, 11.11.2019
Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды ren.tv

Ақтау қаласында жедел жәрдем дәрігерлеріне мас азамат шабуыл жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға түнгі сағат үштердің шамасында болған. Жүкті әйелді стационарға әкеле жатқан медициналық көліктің айнасын белгісіз біреу ұрып сындырады. Не болғанын білмек болып аялдаған көлік жүргізушісіне бұзақы қол көтереді. Фельдшер тәртіп сақшыларын шақырған соң ғана бұзақыны сабасына түсірудің сәті түсіпті. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы