386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұз астына түсіп кеткен кеткен балаларды құтқаруға атсалысқан ер адам ауруханада жатыр

  • 144
  • UPD: 13:36, 11.11.2019
Мұз астына түсіп кеткен кеткен балаларды құтқаруға атсалысқан ер адам ауруханада жатыр

Жітіқара қаласында мұз астына кеткен үшінші бала аман қалды. 2011 жылы туған мектеп оқушысына суық тиіп, өкпесі қабынған.

«Қазір оның денсаулығы қалыпты», - дейді дәрігерлер.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше жасанды су қоймасында ойнап жүрген балалардың астындағы жұқа мұз ойылып кеткен еді. Бір жарым метр тереңдікке батқан оларды полицейлер алып шығып, дәрігерлер қолына тапсырған. Алайда, 5 және 6 жастағы екі баланың өмірін сақтап қалу мүмкіндік болмады. Олар аудандық ауруханада суық тиіп көз жұмды.

Талғат Кәкімов, ТЖД бастығы:

Сондай-ақ 1954 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды. Ол балаларды құтқару бойынша полицейлерге көмек көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы